Бүгін мәжілісте жаңа салық кодексі жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Қосылған құн салығының шекті мөлшері ұсынылып, әркім өз кірісіне сай салық төлейді деген шешім қабылданды.
Қосылған құн салығы 16 процент болады. Оның шегі 40 млн теңге мөлшерінде белгіленбек. Ұзақ әрі қызу талқыдан кейін үкімет пен депутаттар ортақ мәмілеге келді. Бірақ, құн салығының бюджет үшін құны қымбат болғалы тұр.
СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ
--- «Үкімет пен депутаттардың конструктивті ұстанымының арқасында осындай ымыраға қол жеткіздік. Бірақ мұндай шек болғанда 160 мың салық төлеушіден айырылатынымызды айтқым келеді. Сондай шамамен 400 млрд теңгедей қосымша бюджет түсімінен қағыламыз».
Бірақ, қаржы қаншалықты қажет болса да, үкімет бірқатар салаға жеңілдік беріп отыр. Атап айтсақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Оның мөлшерлемесі 10 пайыз болуы мүмкін.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
--- "Егер жаңағы салық қойылатын болса онда біз қалтамыздан шығарып отырған ем-шаралардың өзі 10 пайызға қымбаттайтын болады. Әрине, мұны болғызбауымыз керек. келесі отырысқа дейін ортақ шешімге келеміз деген үміт бар". КСМ: Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы – келесі жылдан бастап 5 пайыз және 2027 жылдан бастап 10 пайыз болады. Банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Жалпы, салық, төлем және алымдарды қысқартылады. Салық жеңілдіктері оңтайланып, сомасы 1,3 трлн теңгеден астам 128 салық жеңілдігін алып тастау ұсынылып отыр.
БЕРІК БЕЙСЕНҒАЛИЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
--- 16 пайыз құн салығы, бұрын 12 болды. Көбісі есептеп жатыр бұл неге көтерілді деп. Енді. көрші елдерді алатын болсақ, Ресейде, Беларусь елдерінде 20 пайыз, Еуропа елдеріне келетін болсақ, Францияда 45,+++04:20 Ең төмен пайыз ҚҚС Люксембургта 17 пайыз. Біз 16 пайыз құн салығы, бұрын 12 болды. Көбісі есептеп жатыр бұл неге көтерілді деп. Енді. көрші елдерді алатын болсақ, Ресейде, Беларусь елдерінде 20 пайыз, Еуропа елдеріне келетін болсақ, Францияда 45,+++04:20 Ең төмен пайыз ҚҚС Люксембургта 17 пайыз. Бізде қазір- 16"
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін бәрі де қаз-қалпында сақталады. Яғни, 70 пайыз жеңілдік қалады. Ал, өңдеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20 пайыз мөлшерлемесі бойынша салық салынады. Арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі.
ЕРЖАН БІРЖАНОВ ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ
--- "Қазіргі таңда 40 жуық түр бар бизнес бойынша олар бойынша тыйым салынады. Қалғандарына рұқсат етіледі деген принцип. Сонда рұқсат етілетін түрлері көп болады".02:10 "Қазір бұл категория тізімі талқылануда. қосымша шешім қабылданатын болады.
Орта және шағын бизнеске арналған салық режимі енді оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі деп аталады. Кіріс лимиті – қазіргідей 600 мың айлық есептік көрсеткіш болып сақталады. Ал, Корпоративтік табыс салығының базалық мөлшерлемесі 20 пайыз деңгейінде қалды, бірақ жекелеген секторлар үшін жоғары мөлшерлеме белгіленеді. Жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығы өседі. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл көліктерге, кеме мен ұшақтарға акциздер енгізу жоспарланып отыр.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Әрине, әлі де шұғыл шешімді қажет ететін көптеген мәселе бар. Екінші оқылымға дейін бізде уақыт бар. Әсіресе, әлеуметтік саладағы мәселелер бойынша бүгін ашық айтылды. Оларды екінші оқылымға дейін Үкіметпен бірге Жұмыс тобында қарастыратын боламыз. Бір мәселе анық. Түпкілікті шешім оңтайлы әрі теңдестірілген, бизнес үшін де, халық үшін де тиімді болуға тиіс».
Бұл салық кодексін бірінші оқылымы. Демек, қыркүйек айынан бері жалғасып келе жатқан талқы енді қыза түседі. Жұмыс топтарында жұмыс көп. Басты мақсат - халықтың қалтасына салмақ түсірмеу.