Ғылым қызметкерлері күніне орай Орталық Азия Инновациялық Университетінде де алқалы жиын өтті. Заң қызметкерлерінің студенттермен кездесуі ҚР Конституциясына 30 жыл толуымен орайластырылды. Жиында заң мен тәртіп қағидаты негізінде жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


 Заң баршаға ортақ. Әр адам құқықтарын білуі керек. Әсіресе заңгер мамандығында оқып жүрген жастардың жан-жақты болуы тиіс,-дейді сала майталмандары.


ТҰРДАЛЫ ҚАРАТАЕВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

--- Көптеген кдемшіліктер кетті бізден. Оның барлығы сол заңды дұрыс білмеушілік болды. Мықты заңгерлердің жетіспеушілігі болды. Сондықтан соңғы уақытта осы білімге көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын.


Ғылым мен технология өркениет жайған уақытта Орталық Азия Инновациялық Университеті де қарап отырған жоқ. Құқықтану кәсібін тереңдетіп оқытатын сандық заңгерлік мамандығын ашқан. Онда жылына 800-дей шәкірт қолына диплом алады.


АЙНҰР ӘБДІКЕРІМОВА, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ

--- Орталық Азия Инновациялық Университеті тек қана Қазақстан аумағында ғана емес, өзге де шет елдегі мемлекеттік оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатып келеміз. Мысалы 2025-2026 оқу жылында Турцияның Анкара мемлекетінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.


Профессор оқытушы құрамның басы қосылған жиында академиялық ұтқырлық, ұстаздар құрамының біліктілік арттыруы жайы кеңінен айтылды. Бүгінде оқу орны шет мемлекеттердегі университеттермен тәжірибе алмасуда көш бастап тұр.


ЖАНАР ҚАЗАНБАЕВА, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ

--- Біздің конституциямызды жақсы білген студент өзге мемлекеттің заңын біліп, оның ара жігін ажыратып, қандай олқылық бар, қай жағы ұтымды екенін бірден біле алатын болады. Олар тек біздің мемлекетімізде қызмет етіп қймай, тәжірибе алмасып шет мемлекеттерге де шығуы әбден мүмкін.


Айтып өтейік, Орталық Азия Инновациялық Университеті – заңгер мамандығын дайындайтын бірден бір іргелі оқу орны. Білім ордасы ақпараттық технологияларға негізделген заманауи мамандықтарды даярлауда да белсенді. Соның негізгісі – сандық заңгерлік мамандығы.