«Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақалдар тағылымы». Дәл осы тақырып аясында ассамблеяның алқалы жиыны өтті. Мұндағы мақсат: ел арасындағы бірлік пен татулықты, ынтымақты сақтау.


ҚХА этнос өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттауда. Ел басына күн туған шақта жұдырықтай жұмыла атсалысқан ассамблея мүшерінің атқарған істері де ұшан теңіз. Ол әрине бірлік пен ынтымақтың арқасында екені даусыз.


Жиында сөз сөйлеген зиялы қауым өкілдері жастар тәрбиесіне тоқталды. Осы орайда, жұмысшы мамандықтарына жасалып отырған жағдайды баса айтқан ақсақалдар ел болашағы білімді жастардың қолында екенін жеткізді.


Тәуелсіз Қазақсатанда бүгінде 130-дан астам этнос өкілі өмір сүруде. Ал Түркістан облысында 50-ден астам этнос өкілі тұрады. Бұл өңір халқының 24 пайызын құрайды. Олар 11 этно-мәдени бірлестік құрып, ынтымақтастық пен татулықтың, бірліктің тамаша үлгісін көрсетуде.