Ал Қостанайда өткен екі күндік сайыста жас дзюдошылар өзара мықтыны анықтады. Жауапты бәсекеде Шымкент қаласының жас спортшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.


 Олар 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге ие болды. Атап айтқанда, бойжеткендер арасында Гүлсезім Тұрлыбек 70 келіде жеңімпаз атанып, 63 келіде Нұрсезім Тұрлыбек қола жүлде жеңіп алды. Ал ерлер арасында 81 келіде Сапарғали Салхан күміс жүлдені иеленді. Екі күнге жоспарланған сайыста Шымкент қаласы командасы жалпыкомандалық есепте бесінші орыннан көрінді. Аталған жарысқа Астана, Алматы, Шымкент және еліміздің 17 облысынан, барлығы 240 спортшы қатысты.