Энергетиктер салауатты өмір салтын қолдайды. «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» компаниясының қызметкерлері мерекелерді спорттық шарамен өткереді. Бұл жолы кіші футболдан мекеме қызметкерлері арасында турнир ұйымдастырылды.
Бұл турнир Әз-Наурыз мерекесі мен жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған. Облыс бойынша мекеме қызметкерлеріне 23 команда жасақталған. Барлығыда әр аймақтан іріктеліп шыққан саңлақтар.
МЕРЕЙ ТӨЛЕНБЕКҰЛЫ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
--- Жеңімпаздар қомақты жүлдемен марапатталатын болады. Ойынның мақсаты қоғамда мекемеде салауатты өмір салтын насихаттауға арналған. Компания бойынша бұл жылдағы үрдіс. Биыл бір жағы наурыздың құрметіне атқарылып жатқан іс-шаралар.
Ала доп додасы өте тартысты өтті. Командалар тыңғылықты дайындықтарын футбол алаңында көрсете білді. Энергетиктер өз саласы ғана емес, спортқа да жақын екендіктерін дәлелдеді. Облыс аудандары мен мегаполисте бір уақытта ұйымдастырылған турнирде бес команда іріктеуден өтіп отыр. Олар - Шымкент қаласы Абай АЭЖ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС бас кеңсесінің тобы. Сонымен қатар Түркістан ЭЖ мен Сайрам АЭЖ Шардара ЭЖ командалары іріктеу ұйындарында үздік шықты. Енді аталған командалар екінші мамырда жүлделі орындарға таласатын болады.
ТҰРСЫНҚОЖА ЗЕЙНУЛЛАЕВ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС ТҮРКІСТАН АЭЖ БАҚЫЛАУШЫ ИНСПЕКТОРЫ
--- Жарысты ұйымдастырып отырған Оңтүстік Жарық Транзит компаниясына алғысымды білдеремін. Ойын жақсы өтті. Осы ойын барысында төрт ойын өткіздік барлығында жеңіске жеттік Өз басым алты гол салдым.
ДӘУЛЕТ ӘБДІМӘЖИТ, «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС ОТЫРАР АЭЖ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ
--- Осыдан екі жыл бұрын ойын өткізгенде екінші орын алғанбыз. Биыл екінші орын бұйырды. Бұйыртса келесі жылы бірінші орынды алуға тырысамыз.
Ойыннан кейін салтанатты шара ұйымдастырылды. Компанияның жеткен жетістіктері айтылып, іріктеу ойындарында жеңімпаз атанған командалар марапатталды. Осы салада қызмет еткен марқұмдардың рухына құран бағышталып, ас берілді.