Негізгі Жаңалықтар ЕСІРКІ САТҚАН ФУТБОЛШЫ МЕН ТАСЫМАЛДАҒАН АКТЕР ҰСТАЛДЫ

ЕСІРКІ САТҚАН ФУТБОЛШЫ МЕН ТАСЫМАЛДАҒАН АКТЕР ҰСТАЛДЫ

Шымкентке Орталық Африкадан келеген футболшы телеграм арқылы есірткі сатып келген. Оны Шымкенттік полицейлер 1,5 келі а-PVP синтетикасымен ұстап, тұтқынға алған.


 Белгілі болғандай күдікті жергілікті футбол командаларының бірінде ойнаған. Сондай-ақ "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес есірткі қылмысына қарсы жүргізілген күрес нәтижесінде Ақмола облысында 45 жастағы актер да ұсталған. Оның жол сөмкесінен шамамен 2 кг гашиш табылды. Ол бұрын отандық сериалдардың бірінде қылмыстық топ басшысы рөлін сомдаған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - де хабарлайды ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.


Бөлісу