Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шараларының қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде қызыл жалын салдарынан 11 адам зардап шегіп, 6 азамат қайтыс болған. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады. Сонымен қатар жауаптылар қала аумағында 52 мың үйді аралап, 155 мыңнан аса тұрғынға сақ болудың жолдарын түсіндірген. Дабыл жүйелерінің көмегімен мыңға жуық дабыстық хабарландыру жолданған. Толығырақ тілшіміз тарқатады.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
--- “Сақтықта қорлық жоқ”. Білім беру мекемелерінде 385 интерактивті сақтық сабақтары өткізіліп, оған 14 мыңға жуық оқушы қатысқан. Науқанның алғашқы кезеңінде, яғни былтыр 2 мыңнан аса әлеуметтік осал топ өкілдері ерекше назарға алынып, көмек көрсетілген. 150 газ дабылқаққыш құрылғысы тегін орнатылып, 220 үйдің түтін құбырлары тазартылған.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
--- Орталықтандырылған газбен жабдықталмаған және газ баллонын пайдаланатын 22 жатақханада профилактикалық жұмыс жүргізіліп, нысан тексерістен өткен. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, алдын-алу шаралары ескертілген. Жауапты маман, оқыс оқиғаны болдырмау үшін келесідей кеңестерге құлақ асқан жөн дейді. Мәселен, құрғақ және желді ауа-райында от жағуға болмайды. Жанып тұрған сіріңкені немесе темекі тұқылын тек белгіленген орындарға тастау қажет. Жанғыш заттарды жылу көздерінен алыс ұстап, төтенше жағдай бола қалса бірден 101 нөмеріне хабарласқан жөн.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
--- Бирфинг барысында басқарма басшысы атқарылған жұмыстың есебін беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Журналистер жолдаған салаударға жеке-дара тоқталып, толымды жауап берді.