Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні – нағыз жастардың мерекесі. Шаһардағы іргелі оқу орындарында студенттер айтулы күнді ерекше форматта өткізді. Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ белсенділері әр корпуста арнайы бұрыш дайындап, ғашықтық сезімді жеткізетін тәттілер жәшігін толтырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – іс-шара әдептіліктен аттамауға үндейтін амал.


Бозбала мен бойжеткендер үшін “Қозы Көрпеш Баян сұлу күні” сәттілік датасы секілді. Бір оқу орнында оқып, бірін-бірі сырттай ұнатып жүрген жастар жасырын жәшігі арқылы сезімін жеткізіп жатыр.


Тұран Өсеров осы оқу орынның студенті. Өзіне ұнайтын қызға сезімін тікелей жеткізуге батылы жетпей жүріпті. Жасырын жәшік оның іштегі сырын ақтаруға мүмкіндік беріп отыр.


ТҰРАН ӨСЕРОВ, СТУДЕНТ

-Бұл күн қуаныш сыйлап отыр. жасырын жәшік бір-бірімізге деген сезімімізді жасырын жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. расымен ата-бабамыз ғашықтық сезімін ашық жеткізбеген. Осылай достар арөқылы хат арқылы жеткізіп отырған.


Бұл күні жастар бір-бірінен тәттілер мен гүл шоқтарын алып, шат-шадман күйге бөленуде. Айтулы күн қарбаласқан дәрістерден бір сәт сергуге мүмкіндік берген.


 БОТАГӨЗ ЕРМАХАНҚЫЗЫ, СТУДЕНТ

-Бүгін осы күнде мен де өз ғашығымнан сый алып тұрмын. Өте қуаныштымын. Ерекше сезімдеміз. Сүйгендеріңізге сүрінбей жете беріңіздер дегім келеді.


 “Қозы мен Баян қосылмағанымен кейінге жастар сүйгеніне сүрінбей жетсін” деген ниетпен аталып өтілетін бұл күн қазақ жастары үшін ерекше.