Жұмысшылардың қауіпсіздігі басты назарда болу керек. Еліміздегі барлық кәсіпорында арнайы бақылау құралдары мен дабыл түймелері орнатылуы шарт. Бұл түрлі қауіп-қатердің алдын алып қана қоймай, қызмет етіп жүрген мамандардың денсаулығына да зиян келтірмейді, дейді Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми зерттеу институтының өкілдері. Кәсіпорындардың цифрлық картасындағы мәлімет неғұрлым толық, негізгі көрсеткіштер уақыты берілсе, жағдайды оңтайландырмақ.


ӘЛІМЖАН БЕКМАҒАМБЕТОВ – ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

--- Жұмыс берушілер қазір ойлайды: «Мен анау датчикті сатып алам, камераны сатып аламын, дрондарды сатып аламын» шығын деп ойлайды. Оны шығын емес инвестиция деп қабылдау керек. Өйткені, мұның бәрін сатып алып жағдай жасайтын болса, келешекті барлық тәуекелдердің алдын алып алады. Сонда жарақат алатында да азаяды, кәсіби аурулар да азаяды. Келешекте керек болса өнімділігі де өседі, сонымен қатар тиімділігі де артады.