Жер–жерде Абай шығармашылығы ұлықталып жатыр. Шымкенттік сарбаз ақынның 50-ге жуық жалынды жырлары мен өршіл өлеңдерін жатқа біледі. Ақын туындыларын асқан шабытпен оқып, рухани мұраны ұлықтауды ұмыт қалдырмаған жауынгер жайында әріптесім Шынар Әуелбай баяндайды.


 Жұлдызбек Ромашев – бұл өлең жолдарын жастайынан санасына сіңіріп өскен. Абай мұраларына бала күнінен құмартқан ол бүгінде ұлы ақынның қара сөздері мен 50-ге жуық өлеңін біледі.


ЖҰЛДЫЗБЕК РОМАШЕВ, САРБАЗ

5 сыныптан бастап әдебиетке, көркем әдебиетке, қазақ тіліне ақындардың өлеңдері мен шығармашылығына ерекше әуес болдым. Өйткені, менің анамның өзі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болған соң, бізді осындай шығармашылыққа, ақындыққа ерекше өлеңдерді оқуға әуестендірді. Сол кісіден қанш жыл білім тәрбие алып, сол кісінің білімен сусындап, қазіргі таңда осындай дәрежеге жетіп жатырмын деп ойлаймын. 


Мегополис тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздың сөзінше, рухани байлықпен дос болуға әскери міндеті кедергі емес. Қолы қалт ете қалса, көркем шығармалар мен жыр-дастандарды оқуға отырады. Соның арқасында бүгінде түрлі байқауларда топ жарып, жүлделі орындарды қанжығалап жүр. Ал, жауынгерлік борышын өтеп жүрген дарынды сарбаздардарды 6506 бөлімінің қызметкерлері қуана қолдаймыз,-дейді.


 БЕКЖАН МӘЛІК, 6506 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ОФИЦЕРІ

Қытай халқы Конфуцийді қалай ұлықтаған болса, қазақ ұлты Абай шығармаларын 10 күн ғана емес, 365 күн ұлықтауға тиіспіз. Сол заманда Абайдың айтып кеткен сол кездегі қазақтардың тұрмыс тіршілігіне арналған болса да, қазіргі уақытта да өзінің күшін жоғалтқан емес.  Өнерлі сарбаздарымызды түрлі байқауларға қатыстырып отырмыз. Соның бірі –Ромашев Жұлдызбек. Абай әлемі республикалық байқауының ақтық сынына жолдама алды. 10тамызда өнер көресететін болады.


Сөз мәнісін салмақтап, Абай мұрасын қадір тұтатын сарбаз мұнымен тоқтап қалмақ емес. Қазір ақынның өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, тың деректер іздеуге кіріскен. Онымен қоса, асыл сөздері мен жырларын өз замандастарына дәріптеп жүр.