Шымкентке шалғай орналасқан Текесу тұрғын алабының халқы 5 жыл бойы сапасыз ауыз су ішіп келген. Мұны ескерген жауаптылар 450 тұрғыны бар елдімекенге Жұлдыз аумағынан құбыр тартып, 130 үйді таза тіршілік нәрімен қамтыды. Жергілікті тұрғындарыдың қуанышын шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков бөлісіп, атқарылған жұмыстарды көріп қайтты.
Ауыз суға алғаш қосылғандардың бірі Бақтияр Қалқабаев. Бұған дейін тіршілік нәрінен тапшылық көріп, лас суды тұтынып келген. Енді ауласында таза ауыз су ағып тұр. Атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.
БАҚТИЯР ҚАЛҚАБАЕВ, ТЕКЕСУ ТҰРҒЫНЫ
Қалаға кіргелі бері су келді, ана жақтан да мына жақтанда келді. Таза су келмейтін. Енді көрші Жұлдыз елдімекенінен келді, қаладан тартылып. Қазір үйдің ішінде де таза су ағып тұр. Жалпы ішіуге де жуынуға да жақсы. Таза су келіп тұр. Рахмет.
Текесу елді мекенінде ауыз су мәселесі көптен көтеріліп келген. Қазған ұңғымадан шыққан су ластанып ішуге жарамсыз болған. Одан соң тұрғындар 5 шақырым жердегі бұлақтан құбыр тартып әбігерленіпті. Ақырында су құбыры әр жерінен тесіліп, су тапшылығы байқалған.
НЕСІПБАЙ ТӨЛЕНОВ , ТЕКЕСУ ТҰРҒЫНЫ
Абай деген жер сол жерден бес шақырым труба тартылған. Сол бастаудың суын ішіп отырғанбыз. Ақырғы кезде ол су үзілді трубалары жұлынып қайта жалғап, әйтеуір итшелеп су ішкенбіз ғой. Одан соң мына суды қазды. Құм болды, лай болды қазандығымыз кетті әйтеуір ваннаға душқа түсе алмаймыз. Соныменен айқайласып жүргенде осы су пайда болды ғой. Қаладан әкелеміз деп әкім келіп айтып халыққа түсіндіріп. Сол су құдай қаласа келді.
Текесу тұрғын алабы қаладан 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда 130 ға жуық тұрғын үй мен 450 ден астам халық тұрады. Елдімекен шаһарға шалғай орналасса да барлық инфрақұрылым желісі тартылған. Газ, электр энергиясы, жол мәселесі шешілген. Балалар алаңшасы да бар. Жауаптылар демеушілер есебінен Жұлдыз аумағынан 14 шақырым құбыр тартылып мәселені оңтайландырып отыр.
БЕКБОЛАТ СЫРМАНОВ, СУ ҚҰБЫРЫ ЖӘНЕ КАНАЛИЗАЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл жерде қазіргі таңда суды толық біттік. Халықта толығымен су бар. Бұрын қазандққа қосылмаған. Қазіргі таңда барлығын реттеп жатырмыз. Котел барлығы қосылып тұр. Арыз шағымдар жоқ. Бірнеше үйлер бар оны әлі орындаймыз. Әлі оншақты күн жоспарлы жұмысымыз бар. Сол жұмыстарды толығымен аяқтап бітіреміз. Бұл жерде барлығына есептуіш құрал бар. Құбырлар демеушілер есебінен тартылды. 5-6 мердігер мекеме құбырды алып берген. Біз толығымен жұмысын істеп бердік.
Айта кетейік, Шымкентте ауыз су мәселесі 2025 жылы 100 пайыз орындалады деп жоспарланған.