Түркістан облысында жалпы 801 елді мекен бар. 794 елді мекеннің бас жоспары бекітілсе, 7 елді мекеннің схемасы биыл сызылады. Түркістан облысында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасы әзірленіп, сараптамаға жолданған. Жыл соңына дейін облыс мәслихатмен бекітілмек.


 Облыста 105 елді мекеннің бас жоспарына түзету енгізу жұмыстары 2025-2026 жылдар аралығында атқарылады. Бүгінде 30 елді мекенге облыстық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, кестеге сай жұмыс атқарылып жатыр. Ал аудан, қала бойынша 75 елді мекеннің бас жоспарына түзету шаралары жүргізілуде.


НҰРЛЫЖАН БУКЕБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Облыста орналасқан елді мекендерде талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 387 сапасыз бас жоспарлар анықталған. Осы тұста бас жоспарларға түзету енгізу үшін облыс әкімдігімен 2025-2029 жылға арналған жол картасы бекітілді.


Өткен жылғы кестеге сай 37 елді мекеннің бас жоспары әзірленген. Қазіргі уақытта 3 елді мекеннің яғни Біркөлік, Сарыағаш және Жібек жолының бас жоспарын реттеу жобалары әзірленіп жатыр.


НҰРЛЫЖАН БУКЕБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Түркістан облысы бойынша 7 қаланың бас жоспары 71%-ға және 32 егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары 52%-ға цифрландырылып, құрылыс базасына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Түркістан, Кентау, Ленгір, Шардара, Сарыағаш қалаларының бас жоспарлары құрылыс базасына енгізілді. Ал, Арыс, Жетісай қалаларының бас жоспарларын цифрландырылу шаралары қолға алынған.


Түркістан облысында 14 аудан және 3 қала тіркелген. Соның ішінде 3 облыстық маңызы бар қала мен 4 аудандық маңызы бар қала және 10 аудан орталығы орналасқан.