Түркістан облысында ет комбинаттарына қажетті маман тапшы.Сайрамдағы Қонаев колледжі «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай алдағы уақытта аталмыш кәсіп иелерін даярламақ. Аграрлық-техникалық колледж негізінен ауыл шаруашылығына қажетті 8-бірдей маман даярлайды. Білім ұясының шәкірттері меморандум аясында енді шетелде тәжірибеден өтуге мүмкіндік алып отыр.


Саламдар Мырзаханов болашақ тракторис-машинист. Екі жылда ауылшаруалышығы техникасын басқарумен қатар оны жөндеудің де қыр-сырын жетік меңгеріп алған. Дуалды оқыту бағдарламасы негізінде алған білімін колледждің өндірістік базасында тәжірибемен ұштастырып отырады. Жас маманның болашақ арманы машина жөндеу орталығын ашу.


САЛАМДАР МЫРЗАХАНОВ, 2 КУРС СТУДЕНТІ

Бұл станогомыз гилза, поршын, цилиндірлерді егер ақаулары бар болатын болса нықтап, осы жерде тексеріп жөндейміз. Бізде бокста барлық құрал саймандардың барлығы бар. Ауыл шаруашылығы техникасы ма жеңіл көлік па барлық жағынан станоктарымыз бар.


 Сайрам ауданында мал бордақылап, ет соятын екі бірдей ірі комбинат ашылды. Тиісінше заманауи құрылғылармен жұмыс істейтін мамандарға деген сұраныс артып отыр. Осыған байланысты Қонев колледжі «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қажетті маман оқытуды көздеп отыр. Оған қоса алдағы уақытта шәкірттерін шетелде тәжірибеден өткізу де жоспарда бар.


ГУЛАМЖАН КОЧКАРОВ, ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Халықаралық деңгейде бізде Оңтүстік Кореямен Сонымен қатар Париж қаласындағы Париж академиясымен, Германия елдерімен келісім шарттарға тұрдық. Негізгі мақсаты біздің білім алып жатқан балдарымызды осы білімдерін тереңдетіп үйрету үшін ауышларуашылығын кеңінен меңгеру үшін сол жаққа барып өздерінің тәжірибелерін үйреніп келу.


Колледжде «Жас маман» бағдарламасы бойынша агросектор мамандарына қажетті құрал-жабдықтары толық алынған. Коммайннан бастап тркатор мен дәнекерлеу, жону станоктарына дейін бар. Тіпті жаңа талапқа сай оқу-өндірістік шеберхана да салынған. Сұранысқа ие дәнекерлеуші мен электрик, токор мен дизайнер, тігінші мамандығы да осында.