Шымкенттік жас математиктер Нью-Йоркте өткен Коперник халықаралық олимпиадасында топ жарды. 10 мыңнан аса үміткер қатысқан жарыста шаһардағы Білім Инновациялық Лицейінің оқушылары 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медальді қанжығаға байлады. Мұхит асып, ел абыройын асқақтатқан жас дарындармен Шынар Әуелбай тілдесіп қайтты.
Әлемдік олимпиадада алтыннан алқа тағынағандардың бірі – Абдулла Базаралы. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған үздіктер арасынан оқ бойы оза шабу – аса қиынға түспеген сыңайлы. Себебі, бұл оның шетел асып, бақ сынасқан алғашқы додасы емес екен.
АБДУЛЛА БАЗАРАЛЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ COPERNICUS ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ
Бұл олимпиадаға жету үшін бірінші этап болады. Ол этапта бүкіл әлемнен 10 мың адам қатысады. Сол этаптан орын алсаң бронза алсаң,ары қарай жылжуға мүмкіндік болады. АҚШ-та өткен олимпиадаға 500-ден көп адам қатысты. Бірінші екінші этаптан голд алдым.
Ал, Мирас Әшірбай аталған олимпиадада өз білімін сарапқа салып, қола жүлдені қанжығаға байлап қайтты. Әйгілі архитектор болуды армандайтын ол математикаға төменгі сыныптардан бастап құмартыпты. Ағылшыны судай Мирасқа да үздіктермен бәскекеге түсу аурылық қылмаған. Жазғы демалыстағы бос уақытын үздіксіз дайныдыққа жұмсағанын айтады.
МИРАС ӘШІРБАЙ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ COPERNICUS ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ
Есептердің біразы жақсы дайныдықпен келген екен. Мектеп уақытында дайындықты дайынлдалдық. Бірақ ол уақыттарды көп дайфындала бермедік.Негзі жаз бойы дайындалдым. Жаздың екінші айында жақсырақ дайындалдық
Дарынды оқушыларға ұстаздық еткен Ахмад Абдукәрімұлының шәкірттерінің жеңісін мақтанышпен айтады. Бұл олардың ғана емес, қазақстандық оқушылардың әлемдік деңгейде бәсекелесуге қабілетті екенін дәлелдейді,-дейді.
АХМАД АБДУКӘРІМҰЛЫ, ҰСТАЗ
100-ге жуық оқушы қазақстаннан барды. Біздің мектебіміздің оқуышлары бесеуі де жүлдегер атанды. Біз мақтанамыз оқушылармызбен. Негізі біз бұл олимпиада туралы окт ноябрь айларында ескерттік. Әрәктеу ақпан айында болды. Белгілі ұпай жинағанннан бастап белгілі болды қа оқушылармыздың баратыны.