Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тұрғындарға мүлік салығын уақытылы төлеу қажетін ескертеді. Азаматтар 2024 жылға есептелген жарнаны ағымдағы жылдың бірінші қазанына дейін төлеп үлгеруі шарт. Әйтпегенде есепшоты бұғатталып, шетелдерге шығу құқығынан айырылады.


Қаратау ауданына қарасты 57 063 азамат өткен жылға есептелген 742 млн 904 мың теңге мүлік салығын төлеуі қажет. Бүгінде оның 35 мыңы өзіне тиісті 406 миллион теңге мөлшеріндегі салық соммасын уақылы төлеген. Айта кетейік, Кеңес одағының батыры сынды мемлекеттік атақтар мен награда иегерлері, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, Мүгедектігі бар немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-ана, көпбалалы аналар мен жалғызбасты зейнеткерлерге мүлік салығын төлеу кезінде жеңілдіктер қарастырылған.


 САУРАН МАНАТОВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

– «Мүлік салығы дегеніміз – тек қана жекеменшік үйлер емес, саяжайлар, гараждар, басқа да тұрғын үйлер жатады.»  «Мүлік салығын 2025 жылдың 1-ші қазанына дейін төлеуі тиіс.»  «Белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда әрбір күніне өсім пұл жүреді. Елден шығуға тыйым салынады.»  «Сондай-ақ екінші деңгейлі банк шоттары бұғатталып, сот орындаушылары мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстарын жүргізеді.»