Бұдан былай суицидке бейімі бар жастар әскерге қабылданбайды. Енді жігіттердің психоэмоционалды ауытқуы бар, не жоғын анықтайтын PSY жүйесі енгізіледі. Қорғаныс министрлігі аталған әдісті әскердегі қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектесетінін айтады.
Белгілі болғандай, жаңа жүйе әскерге шақырылғандарды толықтай скринингтен өткізіп, психологиялық тұрғыда дайын емес азаматтарды анықтайды. Қажет болған жағдайда психиатриалық сараптама қамтылады. Жаңа жоба 2025 жылғы көктемгі шақыру кезінде сәтті сынақтан өткен. Соның нәтижесінде, суицидке бейімділік белгілері бар 470 адам анықталып, олардың барлығы әскери борышын өтеуден босатылып, қосымша тексерістен өтуге жіберілген.