Шымкенттік 39 жастағы ана дүниеге үшем әкелді. Потологиялық жағдаймен туылған нәрестелер қалалық перзентханада 2 ай ем алып, бүгін үйлеріне шығарылды. Нәрестелер жыл басынан бері Шымкент қаласында туылған үшінші үшем.


39 жастағы Фатима Якубованың бір қыздан соң дүниеге үшем әкелді. 1 қыз екі ұлды ол жүктілігінің алғашқы аптасында УДЗ арқылы білген. Жүктілік жеңіл өткенімен, қан қысынымының жоғарылауы салдарынан балаларды мерзімінен бұрын тудырып алуға тура келген.


Жүктіліктің 31-ші аптасында жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің салмағы: 975 грамм, 1765 грамм және 1920 грамм болды. Олар бірнеше минут айырмашылықпен туылды.


 56 күн бойы сәбилер мен олардың 39 жастағы анасы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қажетті ем мен күтімді алды. Қазіргі уақытта балалардың да, ананың да жағдайы жақсы, үйлеріне шығарылды.


 Нәрестелерге есімді олардың ата-әжесі қойған. Қыз бала – Мерием, ұл балалар – Расул мен Гамзат деп аталады. Бүгінде үшемдердің салмағы: 2050 г, 2950 г және 3400 г-ға жетті. Айта кетейік, жыл басынан бері шаһарда 15 793 сәби дүниеге келген. Оның 7726-сы қыз, 8067-сі ұл. 180 егіздер туылған.