Шаруалар үшін ақжолтай жаңалық! 1 гектар жерге төленетін салық мөлшері 91 мың 700 теңгеден 1013 теңгеге дейін азайды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек баспасөз отырысында мәлімдеді. Жарнаның арзандауы шаруаларға серпін сыйлап, жұмыс өнімділігін күшейтеді, - дейді ресми өкіл.
Шаһарда ауыл шарушылығына арналған 56 мың гектар жер бар. Оның 27 мың гектарына жергілікті шаруалар егін салады. Бірақ, Шымкент Мегаполис атанғалы егістік алқабына салынатын салық мөлшері артып, шаруа қалтасына ауыртпалық түсірген. Мұны ескерген қала билігі мен жергілікті маслехат талқы өткізіп, салық соммасын қысқартуды ұйғарған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛІ
– «Ауыл шаруашылығы мамандары 1 гектар жерге 91 мың 700 теңге төлеуі керек болатын.» «Осы мәселені Ғабит Сыздықбеков қалаға әкім болып келе сала қолға алған болатын. Бастама көтерді. Бұл өз кезегінде мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты. Осы жұмыстар нәтижесін беріп, салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, бұдан кейін Шымкенттік фермелерлер 1 гектар егістік алқабы үшін 1013 теңге болып бекітілді.»
Шомылу мауысымы басталғалы ел аумағында 85 азамат суға кеткен. Қатарында жасөспірімдер де бар. Ал Шымкентте мұндай оқиға тіркелген жоқ. Оқыс жағдайдың алдын алу үшін жауаптылар 13 су айдынын қауіпті деп белгілеп, шомылуға тыйым салған. Алдағы уақытта мұндай орындардың саны тағы да артып, 30-ға дейін жетуі мүмкін дейді ресми өкіл. Төтеншеліктер шектеу қойылған аумақтарда қадағалау жұмыстарын жүргізіп, 180 рейд шарасын жүргізген.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛІ
«Әрине бұл енді құқық бұзушылық болмады деген сөз емес. 4 тұлғаға қатысты 55 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.»
Баспасөз отырысы әрі қарай сұрақ-жауап форматына ауысып, ресми өкіл журанлисттер жолдаған сауалдарға толыққанды жауап берді.