«AMANAT» партиясы Шымкент қаласы филиалы мегаполисте «Таза бейсенбі» акциясын өткізді. 33-ші рет ұйымдастырылған шара «Таза Қазақстан» бастамасы аясында іске асып отыр. Тазалау жұмыстарының мақсаты қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды табиғатқа жанашыр болуға үндеу.


Кезекті тазалау жұмыстары мегаполистің Еңбекші ауданында жалғасты. Акцияға партия филиалдарының қызметкерлері, қала белсенділері, жастар, сондай-ақ қалалық коммуналдық шаруашылық қызметінің өкілдері атсалысты. Осылайша, көше бойында шашылған қоқыстар жиналып, арамшөптер орылды. Ағаш бұтақтары қиылып, канал бойы тазартылды.


ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қаласы филиалына қарасты Еңбекші ауданында «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп жатыр. Бұл жерде партия белсенділері, партия филиалының қызметкерлері, қала белсенділері, «Жастар рухы» жастар қанаты барлығы қаламызды тазартуға атсалысып жатыр.  Шымкент қаласы тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырамыз. Тазалық бар жерде денсаулықтың кепілі деп жатады. Барлықтарын қаламызды Шымқалаға айналдыруға шықырамын.


«Таза бейсенбі» акциясы қаламыздың жастары арасында кеңінен таралған. Жоғарғы оқу орны студенттері, жастар ұйымдарының мүшелері белсене қатысады. Іс-шара таңертең өтетіндіктен жастар сабақ пен жұмыс арасында уақыт тауып, өз үлестерін қосып жүр.


АБАЙ СЫРЛЫБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ

Белсенді жастарды осы әрбір бейсенбі күндері жинауға шақырамыз. Бүгінгі күнде осы жылы біздің жастарымыз 30-шы рет шығып отыр. Барлық жоғарғы оқу орындарынан келіп отыр, өз еріктерімен. Қала аумағын, қоршаған ортаны тазалау мақсатында.Әрбір Таза бейсенбіге әр түрлі шығады сабақтарына байланысты. Өйткені бұл азанда болады. 20-30 адамдай ауысып келіп отырады. 


 Экологиялық акцияларға тұрғындар да белсене қатысады. Оны коммуналдық қызметкерлер растап отыр.


 АЛИМА МЫРЗАБЕКОВА, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Мына үйлерде тұратын адамдарға айқайлап шығамыз. Бүгін сенбілік болып жатыр десек, шығатын адамдар шығады. Бір үйден төрт, кейде бес адам шығады. Көшеге түссек көшедегі тұрғындар келіп, бізге қосылып өз үлестерін қосып жүр.  Алдыңғыдан өте таза болып қалды. Қазір канал жағасын тазалап жатыр жұмысшылар. Алдыңғыдан таза қаламыз. Аллаға шүкір үлестерін қосып жатыр. Жұмысшылар, тұрғындар қосылып жатыр. Сол үшін қаламыз таза болып келе жатыр. 


«Таза бейсенбі» акциясы 33 рет өткізіліп отыр. Үйілген оқыстар арнайы техникамен сыртқа шығарылды. Жалпы осы күнге дейінгі тазалық жұмыстарында 32 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Экологиялық акция әлі де жалғасын табады.