Шымкент – бизнеске қолайлы аймақ. Мұнда 6 индустриялық және 1 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында прокурорлар да кәсіпкерлікті қорғауға айрықша назар аударып отыр. Осы мақсатта қала прокуроры бизнес қауымдастықпен кездесті.
Кездесудің алдында қонақтарға индустриялық аймақтарда жұмыс істеп тұрған өндіріс орындары таныстырылды. Соның бірі – мармелад шығаратын «Altay Food» компаниясы. Мұндағы өнімдер қантсыз, балаларға зиянсыз әрі халал стандартына сай. Тіпті шетел нарығына да жол тартуда.
ЗАРИНА МАМБЕТОВА, «ALTAY FOOD» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРІ
Біздің Алтай фуд компаниямыз Бозарық индустриалды аймағында орналасқан. Ол жақта бізде мармелад шығады. Балаларға зиянсыз шекерлі шекерсіз және халал стандартына сәйкес халал мөрі бар. Сұраныс бар шеткелгеде жібереміз.
Алайда кәсіпорын ісін бастарда құжат жағынан қиындықтарға тап болған. Бұл кедергіні прокуратураның араласуымен шешу мүмкін болды.
БАҚЫТБЕК АМАЛДЫҚОВ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ
«ALTAY FOOD» инвексторы бұл түрік инвесторы ағымдағы жылдың шілде айында атқарылған жұмысты қабылдауға сәйкес мемлекеттік орган тарапынан қабылданбаған обьекті. Сол бойынша прокурор ықпал ету нәтижесінде обьект іске қосылды.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдар, коммерциялық емес ұйымдар және инвесторлар қатысты. Жиында кәсіпкерлікті қолдау тетіктері, жаңа Салық кодексінің ерекшеліктері түсіндірілді.
ҒАБИТ МҰҚАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып прокуратура органдары кәсіпкерлердің құқығын қорғауға инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге айрықша мән береді. Бүгінгі мақсат өзара сенімді диалог орнату. Проблемаларды бірлесіп шешу. Әрқайсыңыздың ұсыныстарыңыз біз үшін құнды.
Жиын соңында белсенді инвесторлар мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне алғыс хаттар табысталды. Құзырлы орган өкілдері кәсіпкерлерге кедергі емес, керісінше сенімді серіктес болуға дайын екенін атап өтті.