Елімізде Салық кодексі жаңартылып, бірқатар өзгерістер енгізілді. Енді салық мөлшерлемелері сараланып, сән-салтанат салығы енгізілмек. Корпоративтік табыс салығы – 20 пайыз көлемінде белгіленсе, банк пен ойын бизнесінде – 25 пайыз, ал ауыл шаруашылығында бар болғаны 3–6 пайыз болады.
АИДА НҰРЖАНБАЙ
Президент тапсырмасымен Шымкентте жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған арнайы семинар өтті. Шараның мақсаты салық заңнамасындағы жаңартуларды кәсіпкерлерге және тұрғындарға кеңінен жеткізу, ашық диалог алаңын қалыптастыру.
НҰРМҰХАНБЕТ СӘКЕНҰЛЫ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Бүгінгі семинарда айтылатын мәселелер 2026 ж 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілген өзгертулер бойынша талқылау болады . Негізгі мақсатымыз семинардағы кәсіпкерлер мен бизнес өкілдеріне енгізілген өзгертулер бойынша мәселелер бойынша талқылау , түсіндіру жұмыстарын жүргізу және де қандай жеңілдіңтер бар қандай өзгерістер енгізілді, соның барлығын сол бойынша түсіндіріп талқылау жұмыстарын жүргізу.
АИДА НҰРЖАНБАЙ
Семинар барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары бизнес өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, жаңа кодекстің тетіктерін нақты мысалдармен түсіндірді.
САПАРБЕК ЕРКІНБЕКҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сіздерден жаңағы қандайда бір реконструкция болған жағдайда болмаса қосымша ғимарат қосылған кезде ғана бағалау құнын сұрайтын едік бұрын. Осы кодексте әрбір 3 жыл сайын сіздерде қандайда бір ғимараттарыңызда бағалау құны болмаса соны жаңалап келіп өткізу осы кодексте қарастырылды.
АИДА НҰРЖАНБАЙ
Жаңа Салық кодексі бизнеске түсетін ауыртпалықты азайтып қана қоймай, салық жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған.