Шымкент қаласында «Жастар ресурстық орталығы» мен «ЮНИСЕФ» еріктілер қозғалысының қолдауымен эко-экскурсия ұйымдастырылды. Шара жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Ерікті жастар «Эко Шина» зауытына барып, қалдық шиналардың қайта өңделу барысын тамашалады. Резеңке үгінді өндірісі мен оның екінші өнім ретінде қолданылуын көрген жастар жасыл экономиканың қағидаттарымен де танысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастардың экологияға қызығушылығын арттырып қана қоймай, жасыл экономиканы дамытуға қосқан үлесін де еселей түспек.
Эко-экскурсия жастардың экологиялық ой-санасын қалыптастыруға, табиғатты аялауға бағытталған жаңа бастамаларға жол ашты. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай жобалардың жалғасатынын айтады.