Шымкентте «5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне арналған «ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТАРАЛЫҚ ТІЛІ» атты форум өтті. Көрме орталығында ұйымдастырылған шараға қаламыздың нағыз тіл жанашырлары, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін өзге ұлт өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ мәдениет, өнер саласының өкілдері және Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысты. Толығырақ тілші материалында.
Форумның басты мақсаты – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қоғамда тіл саясатына деген қызығушылықты арттыру және түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне қолдау көрсету. Іс-шара басында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ана тіліміздің қоғамдағы орны мен маңыздылығына ерекше тоқталып, мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген форум қатысушыларыны алғыс хаттар табыстады.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Биылғы жылы түлектердің 80 пайызы тестті қазақ тілінде тапсырды. Мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылардың 70 пайызы қазақ тілінде білім алатынын айтуымыз керек. Бұл қазақ тілінің мәртебесінің күннен-күнге өсіп, пайдалану аясының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.
Іс-шара барысында қатысушылар тілдің қоғамдағы орны мен маңызына тоқталып, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді сақтау жолында тілдердің біріктіруші рөл атқаратынын атап өтті. Форумда мемлекеттік тілді дамытудағы жетістіктер, этностардың тілі мен мәдениетін сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндамалар оқылды, пікір алмасулар ұйымдастырылды.
ЕРСҰЛТАН ӘМІРБЕК, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚОҒАМЫ ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Шымкент қаласы, оңтүстік өңірі нағыз тіл жанашырларының топтасқан жері десек болады. Түрлі этнос өкілдерінің мемлкеттік тілді игеруі жалпы оңтүстік өңірініде 98 пайызға дейін деп жатады. Бұл үлкен қуаныш, мәртебі. Сондықтан қазақ тілі жасай берсін. Қазақ тілінің қазіргі жағдайда қолданыс аясын мынау ғылым мен технологияда қолданысын арттыру, осыған жұмыс жасау қажет.
Дмитрий Шпенглер мегаполиске Жетісайдан бес жыл бұрын көшіп келген. Қазір қаладағы мектептердің бірінде информатика пәнінің мұғалімі. Ол қазақ тілін кішкентайынан, қазақ достарына үйренгенін айтады.
ДМИТРИЙ ШПЕНГЛЕР, ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Енді қасымда жүрген адамдардың не айтып жатқанын білгім келді. Содан қазақ тіліне қызықтым. Солай қазақ тілін үйрене бастадым. Маған үйренуге менің достарым көмектесті. Шымкентке келгенде қазақ тілін білгенен кейін оңай болды. Ойымды оңай жеткіздім. Қазір орыс тілінде беремін бірақ, қажет кезде қазақ тілінде бере беремін. Мектепті орысша бітіргенмін, бірақ университетте орыс топтар болмағандықтан қазақ тобына түстім. Унивеситетте қазақша білім алдым.
Мерекеге орай ұйымдастырылған форумда қазақ тілінің қолданыс аясына, грамматикасына, терминологиялық сөздердің аудармасына қатысты орынды пікірлер мен ұсыныстар айтылды.