Шымкент спорты тағы залмен толықты. Елімізге Еңбек сіңірген жаттықтырушы, көптеген чемпиондардың ұстазы Ильяс Оралбеков өзінің жеке бокс академиясын ашты. Салтанатты шараға ағайынды әлем чемпиондары Махмуд пен Төрехан Сабырхановтар арнайы қатысып, бұл жерден қазақ елінің әнұранын шырқататын талай өрендер шығатынына сенім білдірді.


 «Iliyas Boxing Academy» бір мезгілде 100-ге дейін жас спортшыны қабылдауға қауқарлы. Мұнда оларға тәжірибелі үш жаттықтырушы кәсіби дайындық өткізетін болады. Жалпы аумағы 410 шаршы метрді құрайтын кешенде бокс залы, 28 орындық қонақ үй, 30 адамға арналған асхана, үш жұмыс бөлмесі, киім ауыстыру және жуыну бөлмелері қарастырылған.


МАХМҰД САБЫРХАН, ЕКІ ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

 Білесіздер мектепте біз тарих кабинетінде бастаған болатынбыз кішкентай залда.Сол жерде жаттығу жасап сол кезде ағайымыз айтатын Алла қаласа чимпон болсандар үлкен зал соғамыз деп армандайтынбыз.Ағай мақсатына жетіп жатыр. Тоқтамаймыз бізден кейін де көптеген спортшылар шығады.


 Қазіргі таңда бір бокс рингі, сегіз бокс қапшығы және көлемі 15х11 метр татами орнатылған. Алдағы уақытта қосымша жүгіру жолдары, турник, брусья және тренажер жабдықтарымен толықтыру жоспарланып отыр,-дейді Iliyas Boxing Academy негізін қалаушы Ильяс Зиятбекұлы.


 ИЛЬЯС ОРАЛБЕКОВ, «ILIYAS BOXING ACADEMY» НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

Қазір мынау қапшықтарымыз бен ринтеріміз барлығы өзіміздің мексикански стильде еліктеп жасадық.Балаларғада ерекше болсын деп жасадық.Бұл зал 100 балаға арналған.Астымызда қонақ уй бар.Онда 30-40 бала жата алады.


 Қаламызда мұндай кешендердің көбейгенін құптап отырған спорт жанашырлары «Iliyas Boxing Academy» – тек спорт залы ғана емес, жас буынның ерік-жігерін шыңдап, олардың халықаралық деңгейде биік белестерді бағындыруына жол ашатын үлкен мүмкіндік, дейді. Бұл орталықтың олар болашақ чемпиондардың алтын ұясына айналарына сенімді.