Шымкентте дүниежүзілік туризм күні атап өтілді. Әлем елдерінен келген 150 саяхатшы шаһардың тарихи орындарын аралап, мәдени мұрасымен танысты. Ескі қалашықта өткен ашық есік күнінде болып қайтқан тілшімізді тыңдайық...
Дәл осы күні келушілерге есігін айқара ашқан цитодельге келген адамның қарасы қалың. 1000 –ға жуық келуші әуелі қалашық аумағына экскурсия жасап, бұдан кейін Red Bus арқылы қаланың басты көрнекті орындарын аралады. Экскурсия барысында кәсіби гидтер қала тарихынан сыр шертіп, асыл мұралары жайында кеңінен ақпарат берді.
ЗАМАНБЕК ОРЫНБЕКОВ, «VISIT SHYMKENT» АҚПАРАТТЫҚ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Жалпы Шымкент қаласының туризм потенциалы өте жоғары. Туристерді өзінің климатымен гастрономиялық туризммен көп халықты тартады. Қаламызға алғаш келген жандар шымқала тарихи-мәдени кешеніне келеді.
Аталған шараға шетелдік туристер де қатысқан. Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Бельгия мен Испаниядан келген 150 қонақ мегополистің мәдени орындарымен танысты.
АРЛЕН ТІЛЕУОВ,СТУДЕНТ
Көптеген тур компаниялар Шымкент қаласында орналасқан. Себебі, біздің жанымызда Өзбекстан, бұдан бөлек қаламызда тарихи-мәдени аймақтар көп. Экозоналар, тамаша табиғатымыз бен тауларымыз өте көп.
Мерекелік шара аясында бұдан бөлек, туризм мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттерге саланың әлеуетін көтеру мен даму бағыты жайында семинар-тренингтер өткізілді.