Түркістанда қаланың «Құрметті азаматы» журналист, сазгер Бекжігіт Сердәлінің 65 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті. «Бірлік» клубы мен қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірлесе өткізген кеште келген қонақтар сазгер шығармашылығына қанығып, әндерін қосыла шырқады.


Шара басын Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Қабдырұлы ашып беріп, Түркістан қаласының құрметті азаматы, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Есенәлімұрат Маханұлы, «Бірлік» секторының төрағасы Манапов Хабиб мырзалар сөз сөйледі.


ҚАДЫРБОЛАТ МҰСАҒАЛИЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Тұлғалармен жүріп иық тіресе жүріп, өсміршең әндерді сіз де әкелдіңіз .Өміршең ән дейтіні себебім, қазір өмірге келіп жатқан ән де көп, жыр да көп.Қалай шығып жатыр, қандай деңгейде орындалып жатыр ,Қазір сіз шығарған әндеріңіз мағынасын жоймады


Сазгер көрерменмен тікелей пікір алмасып, жастар жағ өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Шара барысында Мәдениет үйінің әншілері сазгердің біршама шығармаларын орыдады. Әсіресе, «Жұбайлар жыры», «Неге-неге», «Бұл актер», «Ризамын» , «Бұл актер», «Ризамын» әндерін жиылған көрерменге тарту етілді. ҚР мәдениет қайраткері Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры Шәмет Лиза Төлегенқызы ізгі тілегін білдіріп, Алғыс хатпен марапаттап, сый-сыяпат табыстады.