Түркістанда мүйізі қарағайлы ғалымдар бас қосты. Өңір басшысы ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті Бақытжан Жұмағұлов бастаған ғалымдармен жүздесіп, ғылымды өңір экономикасын дамыту ісінде қолдану мен қатар әріптестік орнату мәселелерін кеңінен талқылады.


Бақытжан Жұмағұлов өз кезегінде облыстағы жұмыстарды зерделеп, оң бағасын берді. Әрі бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Ал, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Оңтүстік өңір бойынша вице-президенті, Түркістан филиалының төрағасы Әлімжан Құртаев тек пайдалы қазбалар мен өндіріс емес, ауыл шаруашылығы саласында да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға болатынын атап өтті.


ӘЛІМЖАН ҚҰРТАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІР БОЙЫНША ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ

Ғалымдардың зерттеу нәтижесі бойынша терең өңдеу арқылы мыс, күміс, алтын мәселесін алу технологиясы жасалып жатыр. Келесі жылы зауытта дәл осы технологиямен аш полметалл комбинатының 10 млннан астам тоннасы соның қалдығы бар.


Айта кетсек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлерде ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осыған байланысты облыс әкімдігі жанынан ғылыми кеңес құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Облыс аумағында техногендік минералдық түзілімдер сақталған қалдық қоймалары бар. Аймақ басшысы осы қалдықтарды зерттеп, кәдеге асыру бағытында бірлесе жұмыс атқаруға ниет білдірді.