Шымкентте мас халде жасалған қылмыс 2,6 пайызға азайған. Бұл туралы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ұлықбек Мылтықов қоғамдық кеңес отырысында мәлім етті.
Айтуынша, масаң күйде қылмыс жасау көбінесе ойын-сауық орындары мен түнгі клубтарда орын алады. Өйткені, мұндай мекемелерде
алкогольдік өнімдер ешқандай шектеусіз тәулік бойы сатылады. Кәсіби күзет те қарастырылмайды. Жыл басынан атқарылған рейдтік жұмыстардың нәтижесінде, алкоголь өнімдерімен 280 тұлға, қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 3393 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, түнгі уақытта 303 жасөспірімнің спирттік ішімдік ішуіне жол бергені үшін 187 мекеме басшылығына әкімшілік жазаға тағайындалды.
ҰЛЫҚБЕК МЫЛТЫҚОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ
Түнгі клубтар мен магазиндер 11-12-де жабылса, шеутеулер тек айыппұлмен шектелмесе, регламент бойынша жұмыс уақыты кешелуілдемесе, құқықбұзушылықтар біршама азайар еді.