Көптен күткен ұлы той! Бүгін қазақстандық «Қайрат» өз алаңында Испанияның «Реал Мадридін» қабылдайды. Тарихи матчты Алматыдағы орталық стадионда 23 мың жанкүйер тамашалайды. Ал миллиондаған көрермен ойынды тікелей эфирден көреді. Шымкент әкімдігі де қолдау көрсету мақсатында Жастар ресурстық орталығы мен Астана алаңына үлкен экрандар орнатты. Мегаполис тұрғындары «Қайрат» ойыншыларын бірге қолдап, жанкүйерлік жасай алады. Айта кетейік, тікелей көрсетілім кешкі сағат 21:45-те басталады.