Түркістан облысы аумағында пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.


 Күдіктілер, нысана еткен үйдің әйнек-терезелерін шағып, есігін бұзып кіру арқылы әрекет еткен. Жәбірленушілердің алтын бұйымдары мен құнды заттарын ұрлап, 39 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Айыпталушылар жымысқы әрекетті алты ай бойы жасап келген. Бүгінде күдіктілер түгел құрықталып, тергеп-тексеру жұмыстары басталған.


ЖАНДОС БАТЫРБЕКОВ, ІІМ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

– «ІІМ қауіпсіздікті күшейтіп қауіпсіздік жабдықтарын қою сияқты шараларды жасау қажетін айтады. Зергерлік бұйымдары мен ақшалардың орынын әлеуметтік желілерден жарияламауға кеңес береміз»