Мегаполисте жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сығымдау шаралары барлық аймақта атқарылып жатыр. Қаратау және Тұран аудандарының әкімдері дайындық барысын БАҚ өкілдеріне баяндады.


 Тұран ауданы ауыз сумен 98,5 пайыз, табиғи газбен 85,7 пайыз және электр қуатымен 95,2 пайыз қамтылған. Аудан аумағында 21 шағынаудан бар. Ондағы 548 көппәтерлі тұрғын үйде қысқа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.


БЕРІК ӘШІРБЕКОВ, ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жылыту маусымына дайындық қала әкімінің тапсырмасымен қыркүйек айында аяқталуы тиіс болатын. Қазіргі таңда біз 100 пайыз дайынбыз. Әлеуметтік мекемелер бірінші кезеңде-ақ толық дайын болды. Әрі қарай тұрғын үйлердің 501-і дайындалды.


 Ал Қаратау ауданында биыл инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, жарықтандыру және жол жөндеу жұмыстарына басымдық берілуде. Жылыту маусымына дайындық аясында аудандағы 626 көпқабатты үйдің 488-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, ал 138-і автономды жүйені пайдаланады.


 АЛМАС АБАЕВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Орталық жылу жүйесіне қосылған 488 үйдің бәрінде сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды 8 мекеме атқарып жатыр. Қазіргі таңда оның 99 пайызы аяқталды. Дайындық паспорттары «Қуат жылу орталығынан» алынды.


 Жылыту маусымына дайындық қаланың барлық ауданында қызу жүріп жатыр. Бұл жұмыстар мегаполис басшысының тікелей бақылауында. Ал жеке секторларда газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.