Түркістан қаласын дамыту жалғасуда. Рухани астананы Түркі әлемінің орталығына айналдыру, туристік әлеуетін көтеру және «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауында.
Тапсырмалардың орындалуын облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев қадағалады. Ол «Ақылды аялдама» мен «Көшелерді жарықтандыру» жобасымен танысты. Жаңа аялдамалар жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, көлік кестесін көрсетеді. Ал жарықтандыру жүйесіне қатысты ұсыныстар зерделенуде. Аппарат басшысы 5 мың орындық мешіттің құрылысын да аралады. Құрылысы аяқталуға жақын нысан бойынша мердігерге нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, Еркебұлан Дауылбаев Шаға жасанды көлінің жай-күйін тексерді. Аумағы 81 гектар болатын көл әкімшілік-іскерлік орталықты көктемгі су тасқынынан қорғауға арналған. Жоба аясында көлді жағажай ретінде дамыту көзделген. Бұл үшін инфрақұрылым тартылып, суару жүйесі, кәріз құбырлары мен қызмет көрсету нысандары салынады. Қалған жұмыстар толық инвестор қаржысы есебінен атқарылады деп жоспарланған.