Патриоттық сезім – жалаң ұран, бос мақтаныштан жоғары. Ол отанды шын сүйіп, қалтқысыз қызмет атқарумен өлшенеді. Қоғамдық мәселелерге бей-жәй қарамай, оған өздік үн, пікір қосу да маңызды.


Әр азамат өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, мемлекет дамуына үлес қосуы тиіс. Міне сонда ғана оны ұлтжанды азамат санатына жатқызуға болады. Осылай деген аға прокурор Дінислам Әлжан жастарға нағыз патриот портреті қандай болуы қажет екенін түсіндірді.


ДІНИСЛАМ ӘЛЖАН, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ

– «Патриот болу үшін алаңға шығып туды ұстап жүгіруің шарт емес. Патриот деген өзіңе жүктелген міндетті абыроймен атқарып, Абай Құнанбайұлы айпақшы өз орыныңды тауып, сол салада абыоймен қызмет етсе сол азамат патриот деп аталады.»