Қазақ спортының қара шаңырағында танымал спортшылардың жастармен жүздесуі дәстүрге айналған. Бұл жолы Пушкин кітапханасының ұжымы ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, атақты боксшы Нұржан Смановқа есігін айқара ашты.
Қазақ боксының дарабозы Нұржан Сманов 15 жыл шаршы алаңда шайқасып, ел намысы үшін тер төккен. Кәсіпқой боксшы 18 жасында Еуропа чемпионы, Еуропаның «Үздік бок¬сері» атанды. 1988 жылы Халық¬аралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, 1995 жы¬лы «Қазақстан Респуб¬ли¬ка¬сының еңбегі сіңген спорт шебері» атағын алған. Жастармен кездесуде оңтүстік өңірдің барысы биік белестерді бағындыру жолында талай кедергілерге тап болғанын сөз етті.
НҰРЖАН СМАНОВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ
Жастармен көбірек кездесу керек. Салауатты өмір салтын насихаттап кәсіби спортқа жету үшін не істеу керек? Әр адамға алла дарын береді. Соны бөлісіп сол бағытта жұмыс ітстеу крек. Жастарға түсіндіріп, ата-ананы тыңдап, сабаты жақсы оқып болашақта қазақ елін әрқашанда биіктен көрсету үшін не істеу керек. Сондай мақсатпен келіп жатырмыз.
Жиынның мақсаты – жастарды жарқын азаматтардың өмір жолына үңілдіріп, дұрыс бағытта тәрбиелеу. Сонымен қатар жас буынды табандылыққа, еңбекқорлыққа және елді сүюге шақыру. Тағылымды жиын Пушкин кітапханасында жиі ұйымдастырылады.
СҮНДЕТ СЕЙІТОВ, КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРІ
Бұл жерде барлық сала, барлық ғылыми тақырыптар қамтылады. Бүгін бапкерлік мансап тақырыбын алып отырмыз. Біздің құрметті қонақ Нұржан Сманов, қазақтың даңқты бокстышы, Атлант олимпиадасының қатысушысы. Сол кездегі Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны. Қазақтың маңдайына біткен асыл азаматы Әбдісалам Нұрмаханов деген. Нұржан Сманов қазақ боксының ақыл-ойы деген. Халықтың берген бағасы оы қазақ боксінің ақыл-ойы дейді. Астарында Смановтың рингтегі инелектісінде, өзін ұстауында, сауаттылығында.
Жиын соңында қатысушылар кәсіпқой боксшыға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, спортты дамытуда атқарылып жатқан жұмысына сәттілік тіледі.