Түркістандық кәсіпкерлер теңбіл доптан өзара сайысқа түсті. Шаһардағы ең ірі «Қуаныш» сауда орталығының 30 жылдығына орай өткізілген шағын футбол турнирінде 12 команда бақ сынап, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Футбол бәсекесінің турнирі өте тартысты өткенімен, кәсіпкерлер арасындағы ынтымаққа көбірек басымдық берілді. Осылай деген халық қалаулылары сайыстың ашылуына құттықтау үшін арнайы келіпті.
ИНАРА НАМАЗБАЕВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Маңыздысы, сіздермен бірге басымызды қосып, бірлігімізді арттырып, бұл достық матч деп айттық. Достық кездесу, сондықтан мақсат сіздерді жақындастыру, бірлігімізді нығайту мақсатында. Қолдап, қатысып жатқандарыңызға рақмет.
ҒАППАР СӘРСЕНБАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Қуаныш базарының 30 жылдығы сол мерейтойға келіп отырған жайымыз бар. Облыс маслихатының депутаты әріптесіміз Инара Әбдіғаппарқызы мынау салауатты өмір салтын кеңінен насихаттайын, осы ұжымның арасында ынтымақтастық болсын, дендері сау болсын деп кіші футболдан турнир беріп жатыр екен. Керемет, бірнеше командалар қатысып жатыр. Жас ерекшеліктеріне қарап жатқан жоқ.
Жарыс қорытындысы бойынша, 1-ші орынды «Қуаныш» сауда орталығының полиция бөлімі қанжығаласа, 2-ші орынға ет, сүт павильоны жайғасты, ал Әділжан сауда үйі 3-ші орынға табан тіреді.
ӘДІЛБЕК МАРҚАБАЙ, ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
Жиі өткізіліп тұрғаны жақсы. Себебі, спорт денсаулыққа пайдалы, екіншіден біздің ауызбіршілігімізді нығайтады. Мұндағы ең басты мақсат – ауызбіршілік, мейірімділік, құрмет! Құрметіміз артады.
Айта кетейік, жеңімпаздарға бас аяғы 500 мың қаржылай сыйлық тігіліп, «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы»
«Үздік жас ойыншы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша марапатталды.