Түркістанда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті. Шара «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде ұйымдастырылып, облыстың 50-ге жуық кәсіпкері қатысты.


Көрмеде жергілікті шикізаттан дайындалған қолөнер бұйымдары, бал мен құрт, кептірілген жемістер, сүт және кондитерлік тағамдар, табиғи сабын және басқа да өнімдер көпшілік назарына ұсынылды. Нәтижесінде 10 жартылай финалист анықталды. Олар Бренд комитетінің іріктеуінен өтіп, үздік үш кәсіпкерге 5 миллион теңгелік мемлекеттік грантқа үміткер болу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен бірге, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өнімді ілгерілету мен бренд қалыптастыруға қолдау көрсетпек.


АСЫЛАН ИБАДУЛЛАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бұл жерде біздің қолөнершілеріміз, әрбір ауылдағы бір өнімді өндіріп жатқан кәсіпкерлеріміз келіп жатыр.  Кәсіпкерлеріміз 5 миллион теңгелік грантқа қатысуға мүмкіндік алады. Сәттілік тілейміз! 


Айта кетейік, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы 2023 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде жүздеген кәсіпкер кәсібін дамытып, Қазақстанда жасалған тауарлар Жапониядан бастап АҚШ пен Еуропа елдеріне дейін экспортталуда.


 БАХЫТ ИБРАЕВ, КЕНТАУЛЫҚ ШҰЖЫҚ ӨНДІРУШІ КӘСІПКЕР

 Халыққа осы Кентаулық шұжықты, өзіміздің жылқы етінен өндіріліп жатқан, 100 пайыз таза еттен жасалған өнімді ұсынып жатырмыз. Алдағы уақытта осы шұжық өнімін ел жұртқа кеңінен таныстырамыз.


Көрме соңында 10 жартылай финалист анықталды. Олар Бренд комитетінің іріктеуінен өтіп, үздік үш кәсіпкер 5 миллион теңгелік мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге өнімді ілгерілету мен бренд қалыптастыру бойынша қолдау көрсетіледі.