400 млн азамат жұмыссыз қалуы мүмкін. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, жасанды интеллект еңбек нарығын жаулап, бізді ығыстыруы ықтимал. Парламенттік тыңдалымда ол шетелдік дереккөздерге сілтеме жасап, жасанды интеллект жайлы ақпарат берді, жаңа заң жобасын таныстырып, оның мән-маңызын талқылады.


 Спикер сөзінше, Жасанды интеллект журналистерді, аудармашыларды, маркетологтар мен PR мамандарын, тіпті мемлекеттік қызметшілерді де жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Бұған мысал ретінде Албанияда қабылданған саяси тәуекелді көрсетуге болады. Жуырда Албания республикасы мемлекеттік сатып алу министрлігін Diella атты жасанды интеллектке сеніп тапсырды. Десе де, мәжіліс төрағасы кез-келген жобаның негізгі драйвері әлі де адам екенін алға тартты.


ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ

 – «Дегенмен барлық процесстердің барлық драйвері әлі де адам екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан да барлық сала өкілдері жасанды интеллектінің машықтарын меңгеруі керек.»


 Киберқауіпсіздікті бақылау мақсатында мемлекет заң жобасына сақтық шараларын енгізді. Әлеуметтік желілерде жасанды интеллект жасаған контенттің барлық түрі таңбаланып көрсетілуі тиіс. Бұл алдап соғу мен арандатудың жолын кесетін амал.


ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ

Әзірше ешкім қауіп-қатер шекараларын нақты анықтай алмай отыр. Жасанды интеллектіні теріс мақсатта пайдаланудың алдын алу үшін түрлі тактика қарастырылуда. Мысалы, Қытай биылғы қыркүйектен бастап ұлттық әлеуметтік желілерге жасанды интеллект жасаған контентті таңбалау жүйесін енгізді. Біз де заң жобамызда осыны енгіздік.