«Өткенге құрмет, тіріге міндет» ұранымен қаламызда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыхалықтық тазалық шарасы өтті. Сенбілікте зираттар мен мешіттер маңайы тазартылды. Акцияға тұрғындар да атсалысып, өзгелерге үлгі көрсетті.


Игі іске қаладағы бес бірдей ауданның тазалыққа жауапты мекеме қызметкерлері мен еріктілер, сондай – ақ, тұрғындар белсене қатысып, мазарлар мен мешіт маңайын шашылған күл – қоқыстан тазартты. Қураған шөптерді отап, ағаш түптерін әктеді. Сондай –ақ, майысқан қоршауларды түзеп, қараусыз қалған құлпытастарды ретке келтірді.


БАҚДӘУЛЕТ ӘБДІРАХМАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

 Қаламыздың мешіттерін ұйымдастырып әкімшілікпен ұйымсатырып үлкен тазалық іс шарасы өтті жатыр.Тазалық жасап өмірден өтекендердің рухына тағзып.Олардың басына құран оқып зиярат ету адам баласының күәсін кешіру.


Ата – баба рухына тағзым етіп, өз еріктерімен қоршаған ортаның тазалығына үлес қосуды парыз санаған жандар тазалық шарасының жиі – жиі ұйымдастырылғанын қалайды. Олар айналаны абаттандырып, ағаш та отырғызыпты.


 НҰРДӘУЛЕТ ҚҰТТЫМБЕТОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қайтпас болып өзіміз келіп ата бабамыздың жатқан жерін абатандыру жұмыстарын өткізіп талдарға су құйып ,шөптерін тазалап жатқан жайымыз бар.


Тазалық шарасы қаладағы 80 – ге жуық зираттар мен мешіттер маңайында өтті. Осы орайда, дін өкілдері жиналған жұртшылыққа зиярат ету әдебі мен ережелерін түсіндіріп, діни тұрғыдан насихат жүргізді. Олар марқұмдарға дұға бағыштап, ата-баба аманатына адал болу – әрбір мұсылманның парызы екенін атап өтті. ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бұл шараның алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табатынын жеткізді.