Мемлекет басшысының білім беру жүйесіне жаңа технологиялық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу туралы тапсырмасы орындалып жатыр. Білім ордаларындағы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект тақырыптары енгізіліп жатыр.


Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, жаңашылдық шәкірттерді заман ағымына сай оқытуға мүмкіндік береді. Сабақтар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленеді. Мәселен, түсіндіру бастауыш сыныптарда көрнекілік әдістері арқылы жүргізіледі, ал жоғары сыныптарда шәкірттер чат-бот құрып, деректерді талдайды. Сондай-ақ, этикалық жағдайларды шешу сияқты жобалық тапсырмаларды орындайды. Мұндай тәсіл сыни ойлауды, цифрлық сауаттылықты арттырады, – дейді сарапшылар.