AMANAT партиясы қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл жолы көшбасшы партия өкілдері Шымсити ауданында ауқымды жұмыс атқарды. Кезекті тазалық жұмыстарын тілші әңгімелейді.
Қолына қаламын емес, күрегін алған партия мүшелері қаланы қоқыстан аршуға белсене кірісті. Жол бойындағы қоқысты теріп, жаяу жүргінші жолдарын сыпырды. Аманаттықтар жұмысты өтөремін деп емес, өзгеге үлгі болып, тұрғындарды тазалық мәдениетіне тартуды көздейді.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Былтыр сәуірде Мемлекет басшысы өзінің «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жариялаған болатын. Соған байланысты біздің партия «Таза бейсенбі» акциясын бастады. Былтырдың өзінде 38 рет өткізілген. Биыл 47 мәрте өтіп жатыр. 45 тоннадан астам қоқыс тазартылды.»
Акция аясында инертті материалдарды тазалау және қоқыстарды жинау жұмыстары жүргізілді. Коммуналдық қызмет мекемесінің жұмысшылары да санитарлық-тазалық шараларын атқарды. Бастаманы ерікті жастар қолдап, игі іс жалғасты.
ЖАНЕРКЕ ТҰРСЫНБЕК, ЕРІКТІ
«Қаламыздағы 5 аудан бойынша тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Университет бөлімшелеріміз бар, сол жақтан белсенді жастар тұрақты түрде атсалысады. Бұл акцияның мақсаты – қала тұрғындарына тазалық идеологиясын жеткізу.»
Мұндай тазалық жұмыстары былтырдан бері 84-ші рет ұйымдастырылып отыр. 80 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Жалпы атаулы акцияға 3 мыңнан астам азамат атсалысқан.