Түркістанда мектеп мұғалімдері эстафеталық сайыста бақ сынасты. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орайластырылған шараға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мұрындық болған. Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен шараға осы мектептің 30-ға тарта ұстазы қатысты.


Сайысқа қатысушы команданың құрамында 7 адам болды. Олар мектеп мұғалімдерінен құралған. Команда мүшелері жылдамдыққа жүгіріп, ұзындыққа секірді. Логикалық есептерді жедел шешіп, шапшаңдық танытты.


КАМАЛ ЕРМЕТОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

Осындай сайыс адамның сергуіне қажет. Ай сайын өткізіліп тұрса дейміз. Екі күн дайындықпен шықтық, нәтиже жаман емес.


Дәстүрлі шара қалалық білім басқармасына қарасты барлық мектептерде ұйымдастырылып тұрады. Мұғалімдер арасында психикалық денсаулықты нығайту мақсатында қолға алынған шара ұстаздарды бір-бірімен жақын араласуына, көңіл күйді көтеруге және денсаулықты жақсартуға бағытталды.


АЙДАР БОЛАТҰЛЫ, НИЯЗОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарына алғыс айтамыз. Осы мектепте өткізіп, біздің мұғалімдердің шығармашылығын дамытуға үлес қосып отыр.


Ниязов атындағы білім ошағында мыңнан аса бала оқиды. Олардың ата-аналары мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста. Мұғалімдер ата-ананы мектеп өміріне араластыру арқылы Үштік одақ қағидатын сақтауға мүмкіндік мол, - деп отыр.