Ордабасы ауданы Темірлан ауылында дүбірлі дода өтті. Қазақ күресінен Төлбасы Сейтқасымовты еске алуға арналған турнир ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздары «Жас Барыс» республикалық турнирінде облыс намысын қорғайтын болады.


Боз кілемде 2005–2007, 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер және 2010–2011 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар шеберліктерін көрсетті. Барлығы да сайысқа сақадай сай екендіктерін дәлелдей білді. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі жас палуандарға сәттілік тіледі.


АЗАТ ОРАЛБАЕВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұл жасөспірімдердің шеберлігін шыңдайтын маңызы зор спорттық дода. Ұлттық спорт түрлері біздің ұлттық болмысымызды айқындайтын дода.


 Үш жас ерекшелігі бойынша өтетін белдесулер екі күнге жоспарланған. Басты мақсат – республикалық «Жас Барыс» турнирінде өнер көрсететін саңлақтарды сараптау.


 РАХМАТУЛЛА ЖАКУТАЕВ, АУДАНДЫҚ №1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі таңда аудан көлемінде 400-ге жуық спортшы қатысуда. Жас Барыс турнирінде орын алған палуандар Түркістан облысының намысын Қазақстанда қорғайды.


Ұлттық спортты дамыту және жас балуандардың шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған дүбірлі додаға өңірдің барлық аудан-қалаларынан спортшылар келген. Бұл ауыл аймақтардан талантты балаларды таңдауға зор мүмкіндік береді.