Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов тұрғындарды жеке қабылдады. Азаматтар өз сұрақтары мен өтініштерін әкім орынбасарына тікелей жеткізді. Қабылдау барысында газ мәселесі, баспана кезегі және су есептеуіш құрылғыларының жұмысына қатысты шағымдар қаралды.


 Барлық өтініштер ескеріліп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау үшін тиісті басқармаларға тапсырма берілді. Мәселен, 2025 жылы қалада тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін 11 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 944 пәтер беру жоспарланған. Биылдың өзінде 432 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, тұрғындардың өтініші басты назарда.