Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сайысы басталды. Биылғы жарысқа орта арнаулы оқу орындарының 100-ден астам студенті қатысып отыр. Олар 6 кезең бойынша топтық жарыста өзара бақ сынап, жеңімпазды анықтайды.
Ақтас полигоны базасындағы №6506 әскери бөлімінде 20 колледжден келген 100-ден астам студент жиналды. Орта арнаулы оқу орындары арасындағы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сайысы 17 қараша – Студенттер күніне орай ұйымдастырылып отыр.
ЖАНСЕРІК ЖҰМАН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жалпы әскери-патриоттық сайыстың негізгі мақсаты еліміздегі әскери өмірдің кеңінен насихатталуы, жастардың әскери қызметке тартылуы.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр топ 3 ұл және 2 қыздан жасақталған. Жарыстың барлық кезеңіне әскери бөлім қызметкерлері төрешілік етеді.
ЕРКІН СӘБИТ, «ЖАС САРБАЗ» РҚБ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫ
Орта арнаулы оқу орындарының 1 курс студенттеріне алғашқы әскери дайындық пәні оқытылады. Сол пән негізінде бүгінгі сайысымыз ұйымдастырылып отыр. Жалпы бүгінгі сайысымыз 6 этаптан тұрады. Саптық дайындық, қаруды толықтай емес бөлшектеп-жинақтау, кедергілер жолағынан өту, белтемірге тартылу және арқамен жатып денені көтеру бойынша.
Әскери сайыс 2 күнге созылады. Ертең қатысушыларға арнайы мамандар семинар-тренингтер өткізеді.