Шымкентте ТМД аумағындағы ең ірі жылыжай кешенінде алғашқы өнімі жиналды. Жобаның жалпы құны 650 млн АҚШ долларына тең. Кешен толық іске қосылғанда 5 мың адам жұмыспен қамтылады.


1 жыл бұрын ғана қазығы қағылған жылыжай кешенінде бүгінде 14 гектар аумаққа егілген алғашқы қызанақ өнімі жиналды. Мұндағы барлық процесс автоматтандырылған, ЖИ басқарады. Жарық, сурау, климаттың әр параметрі компьютермен реттеледі. Яғни бұл технология жылыжайды жыл бойына тұрақты өнім өндіруіне мүмкіндік береді. Кешеннің жалпы аумағы 650 гектар. Елдегі ең ірі аграрлық жобаны жүзеге асыруға шетелдік инвесторлар да қаржы салған.


АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРІ

- Ауыларуашылық саласындағы жол картасында біз жүргізіп жатқан 754 инвестициялық жоба бар. 5,5 трлн-ға 3 жылға жасалған. Соның 151 инвест жоба биыл ашылды. Соның ішінде былтыр ғана қазығын қаққан «Аларко» компания бір жылдің ішінде өздерініздің көздеріңіз жетіп жатыр қаншама жұмыс жасап тастаған»


Жылыжай кешені толық іске қосылғанда жылына 155 мың тонна көкөніс жиналады. Ішкі нарықты қамтыамтамасыз етіп қана қоймай, экспортқа да өнім жөнелту жоспарда бар.


 ТАЛҒАТ МЕКАМБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

- Елімізде 1300 гектар жылыжай болса, 650 гектары Шымкент қаласындағы жылыжай ғана алып отыр. Қаланың,еліміздің де азық-түлік қауіпсіздігіне үлкен әсерін береді.


Кешен аумағында агроакадемиялық орталық пен зертхана ашылып, ауыл шаруашылығы саласы үшін білікті мамандар дачрланады. Бұдан бөлек Қайнарбұлақ тұрғын алабында инвестор тағы балабақша салмақ.