Шымкенттегі Онкологиялық орталықта Ашық есік күні өтті. Бұл күні дәрігерлер өкпе қатерлі ісігінің алдын алу бойынша азаматтарды қабылдады. Профилактикалық тексеруге келген тұрғындарға арнайы медициналық құрылғылардың көмегімен ем-дом тағайындалды.


Аты-жөнін атамауды өтінген кейуананың жасы 60-тан асқан. Соңғы екі айда созылмалы жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырып, жөтелі басылмаған. Ем іздеп талай дәрігерге барған ол бүгін онкологтардың қабылдауында болды. Өкпесінде дақ пайда болғаны анықталды.


 ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Аударма!!! Талай жерге бардым, ішпеген дәрім қалмады. Бүгін осы жерде «Ашық есік» күні болады дегенді естіп, арнайы келдім. Рентгенге түстім, УЗИ жасатты. Дәрігерлер нақты диагнозымды қойып берді. Дертім ерте сатыда анықталып тұр. Енді осы жерде ем қабылдап, сауығып кетуге әрекет етемін.


Дәрігерлер күн ұзаққа 50-ге тарта азаматты қабылдап, оның 20 пайызына арнайы ем тағайындады. Соңғы уақытта өкпе обырына шалдыққандардың саны артқан. Мамандар мәселені денсаулыққа салғырт қарайтындардың көбеюімен байланыстырып отыр.


РИТА АСАБАЕВА, ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАР ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Ерте анықтап, ерте диагностика жасап, науқасты уақытылы емдеу өте маңызды. Бізде неше түрлі ем бар, соны комбинация түрінде тағайындаймыз.


Жергілікті дәрігерлер дабыл қағып отыр. Онкологиялық белгімен есепке алынған мың науқастың 100-інде өкпе обыры анықталып жатады. Өкінішке орай, оның 70 пайызы - ер азаматтар. Және олар дәрігерге аурудың соңғы сатыларында қаралады екен.