Мақтаарал ауданының Фирдоуси ауылында 96 бір қабатты, екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жобаны «Building Group – 1» серіктестігі жүзеге асыруда. Жыл соңында тапсырылуы тиіс баспаналар кімдерге берілмек? Сюжеттен көріңіз.


 2025 жылдың мамырында басталған құрылыс жеке кәсіпкердің қаржысына салынып жатыр. Аяқталған соң мемлекет тарапынан сатып алынады. Баспана көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға және баспанаға мұқтаж өзге санаттағы тұрғындарға үлестіріледі.


 НАЗАРБЕК ҚАРАМҰРЗАЕВ, МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ
  2025 жылдың өзінде 210 жоспар ойынша 96 үй болса, жоспардан тыс кәсіпкерлер тарапынан жалпы 210 пәтер пайдалануға берілетін болады. Жалпы кезекте тұрғандармен Отбасы банктен биыл өтіп жатыр ғой. Сол Отбасы банк бізге тізім береді ары қарай тұрғын үй бөлімімен есептеліп береді барлығы.


 Бой көтеріп жатқан баспананың сапасын аудан әкімдігінің бақылауда. Құрылыста қолданылған материалдар қазақстандық өнім. Күйген кірпіштен тұрғызщылған баспананаың жалпы көлемі 126 шаршы метрді құрайды.  


БІРЖАН ТЕМІРБАЕВ,  BULІDING GROUP-1 ЖШС ДИРЕКТОРЫ
  Жергілікті әкімшіліктен бізге ұсыныс түсті. Жергілікті халыққа кезекте тұрған азаматтарға үй салып беру деген сияқты. Қазіргі уақытта 96 пәтер түсіп жатыр. Оның ішкі сыртқы жұмыстары толық бітті. Алдағы уақытта тағы болса әкімшілік тарапынан 96 үй емес, 150 үйге дейін ьбаруы мүмкін.   Қазіргі уақытта 30 техника жұмылдырылған. 175 адам жұмыс істеп жатыр. Қазіргі процес абаттандыру жұмыстары яғни сыртқы жұмыстар істеп жатырмыз.


 Жаңа үйлердің пайдалануға берілуімен Фирдоусиде жаңа шағынаудан пайда болып, ауылдың әлеуеті арта түспек.