2025 жылы полиция байланыс операторларымен бірлесіп, 19 миллионнан астам жалған қоңырауды бұғаттады. Жоба іске қосылғаннан бері 85 миллионнан астам алаяқтық қоңыраулардың жолы кесілген.


Қылмыстық топтарды құру және басқару фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалды, олардың біреуі трансұлттық сипатқа ие. Сонымен қатар қабылданған техникалық шаралардың нәтижесінде қылмыскерлер пайдаланған 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді. Өткен жылы Қазақстаннан тыс жерлерде жеті колл-орталықтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұдан бөлек, ел аумағында тағы осындай алты орталықтың қызметі жойылды. Бүгінде ұрлықтар интернет желісі арқылы жасалып, қылмыскерлер азаматтардың қаражатын жымқыру үшін заманауи технологияларды қолдануда. Мұндай қылмыстармен күрес үш негізгі бағытта жүргізілуі тиіс: заңнамалық, техникалық және профилактикалық шаралар. Тек кешенді тәсіл ғана киберқылмысқа өз деңгейінде қарсы тұруға мүмкіндік береді.