Шымкент қалалық Абай ауданы әкімдігі «Таза бейсенбі» акциясын өткізді. Бастама «Таза Қазақстан» аясында іске асырылып отыр. Акцияға аудандық әкімдік қызметкерлері, коммуналдық мекеме өкілдері және тұрғындар қатысты. Толығырақ тілші материалында.
Кезекті «Таза бейсенбі» акциясы мегаполистің Жиделі шағын ауданында өтті. Тазалық жұмыстары 60 мектептің алдын қоқыстардан тазалаудан басталды. Сондай-ақ, сол маңдағы көше бойы, арық пен жүргіншілер жолы ретке келтірілді.
ОРЫНША ТӘЖІБАЕВА, ТҰРҒЫН
Қаланы тазарту бұл денсаулық кепілі ғой. Жастарға үлгі болсын деп. Қаланың көркеюіне Жиделі тұрғындары атсалысудамыз.
Акцияға 100-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар, 14 техника жұмылдырылды. Жиналған 33 тонна қоқыс арнайы техникалар арқылы шығарылды.
ЖӘНІБЕК ЖАРЫЛҚАСЫН, АБАЙ КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жолаяқ бетін сыпыру, арық ішін лайдан тазалау, ағаштарды қырқу және қоқыстарды арту жұмыстары жүруде.
«Таза бейсенбі» науқаны жаңа жылдың алғашқы сенбілігі болып отыр. Тазалық акциясы апта сайын жалғасын табады.