Шымкентте 80 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды. Халықаралық іздеуде жүрген әйел Алматы қаласында көзге іліккен.
Полиция мәліметінше, күдікті азаматтарды алдап, түрлі жолмен пайда тапқан. Ол алтын бұйымдармен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерін иемденген. Сонымен қатар тұрғындардан шетелге арзан туристік сапар ұйымдастырамын деген желеумен ақша жинап, уәдесін орындамаған.
ӘБДІҚАППАР ОРАЛХАН, КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Ол тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық жайттарына қатысы бар. Келтірілген материалдық шығын көлемі 80 млн теңгеден асады. Күдікті тергеу изоляторына қамалды, қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.